Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Біреуі жансақтау бөлімінде: Оралда жүргізуші мотоциклдегі екі жасөспірімді қағып кетті

Опубликовано:

Мотоцикл
Көрнекі сурет: pixabay.com

Оралда көлік жүргізушісі мотоциклдегі екі жасөспірімді қағып кетті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сәйкес, жол апаты 15 маусым күні Х.Доспанова мен Ф.Неусыпов көшелерінің қиылысында болған.

Шамамен сағат кешкі бесте "Шаран" көлігінің 1987 жылғы жүргізушісі мотоциклді өткізбей, қағып кеткен. Жол апаты салдарынан мотоциклді жүргізіп келе жатқан 2006 жылғы жасөспірім облыстық көпбейінді аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды.

Мотоциклде онымен бірге болған 2005 жылғы қыз да жарақат алған. Оған қоса "Шаран" көлігіндегі бір жолаушының да денсаулығына зақым келген. Бүгінде оқиғаның жай-жапсары анықталуда.

Одан бөлек, 15 маусым күні шамамен сағат 15.20-да М.Мәметова мен Құрманғазы көшелерінің қиылысында 22 жастағы жүргізуші "ВАЗ" көлігімен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, жарық бағанына соғылған. Салдарынан жүргізуші мен жолаушы жарақат алды.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда екі автобус соқтығысып, аяғы ауыр әйел зардап шеккенін жазған едік.

Сонымен қатар, Алматы облысында көлігімен төрт оқушыны қаққан жүргізушіге сот үкімі шыққанын жазған болатынбыз. Сот процесі №2 Еңбекшіқазақ аудандық сотында судья Айнұр Балтақайдың төрағалығымен өткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917845-bireui-zansaqtau-boliminde-oralda-zurgizusi-motocikldegi-eki-zasospirimdi-qagyp-ketti/

pixel