Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бақытсызбын": СҚО-дағы бүтін бір ауылда жалғыз өзі тұрып жатқан ер адам мұңын шақты

Опубликовано:

Ауыл тұрғыны
Кадр: "Еуразия" бірінші арнасы

Солтүстік Қазақстан облысында ауылдар жойылуда. Тіпті жалғыз ғана тұрғыны бар ауылдар да жоқ емес. Сондай ауылдардың бірінде жападан жалғыз алты жыл бойы тұрып жатқан ер адам "Еуразия" бірінші арнасына сұхбат берді.

Александр Бурмагин - Янцено ауылының жалғыз тұрғыны. 20 жыл бойы қаланың жүзін көрмеген ол жақында ғана зейнетке шығу үшін құжаттар рәсімдеуге шаһарға барып қайтқан екен.

"Қала қатты өзгерген. Зәулім үйлер бой көтеріп, адамдары да өзгеріп кетіпті", - деп таңданысын жасырмады ол.

Янцено ауылының негізін неміс тумасы болып табылатын ірі жер иесі қалаған екен. Оның ұрпағы Германияға көшіп, ауылдың өзге тұрғындары да кетіп қалыпты. Алайда Александр әйелінен айырылып, жалғыз қалса да, алты жыл бойы ауылда өзі ғана тұрып келеді. Оның Метелица атты иті мен бір мысығы бар.

"Адамдарды мүлде көрмейтін болғасын, біреу кезіксе, онымен ұзақ әңгімелескім келіп тұрады. Менде бәрі болғанымен, бақытсызбын", - дейді ол.

Жақында 63 жасқа келетін Александр сыпыртқы жасап сату арқылы күнін көріп отыр.

Өңірде талай жылдардың ішінде қаңыраған тек бір ауыл ғана тұрғындарға толып, жеті жыл ішінде 30 адамға жеткен.

Александр да өз ауылы күндердің бір күні қайта жанданады деген үмітте. Төрт баласы мен төрт немересі бар болғанымен, олар Александрдан шалғайда екен.

Айта кетсек, СҚО-да 112 ауылда тұрғындар саны 50-ге жетпейді. 25-інде тек он тұрғын бар. Ал бес ауылда тек бір отбасыдан ғана тұруда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917899-baqytsyzbyn-sqo-dagy-butin-bir-auylda-zalgyz-ozi-turyp-zatqan-azamat-munyn-saqty/

pixel