Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кешке шығып, қайта келмеген: Түркістан облысында 6 жасар баланың өлімі елді дүр сілкінтті

Опубликовано:

Су каналы
Көрнекі фото: ru.freepik.com

Түркістан облысында бірнеше күн бұрын жоғалған алты жасар баланың денесі Ошақты су арнасынан табылды деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Келес ауданы Абай ауылында маусымның 13-і күні алты жасар баланың туыстары бүлдіршінді таппай, шарқ ұрып іздей бастаған болатын. Ол кешқұрым уақытта үйінен шығып, қайта оралмаған. Оны соңғы рет көрген куәгерлер баланың канал маңында ойнап жүргенін байқаған екен.

Бірнеше күнге созылған іздеу жұмыстары барысында құтқарушылар Ошақты каналынан баланың денесін алып шықты.

Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Қанат Қарабалаев баланы іздеу жұмыстарына арнайы жасақтың шұғыл түрде жұмылдырылғанын мәлімдеді.

Айта кетейік, облыста жыл басынан бері 20-дан астам адамның ажалы судан келген. Оның жартысынан астамы балалар екен. Осы ретте төтенше жағдайлар департаменті ата-аналардан балаларын қараусыз қалдырмауды, шомылу маусымында мұқият болуды сұрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917952-keske-sygyp-qaita-kelmegen-turkistan-oblysynda-6-zasar-balanyn-olimi-eldi-dur-silkintti/

pixel