Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде қанша адамның коронавирусты қайта жұқтырғаны белгілі болды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында коронавирусты қайта жұқтырған қазақстандықтар туралы айтты деп хабарлайды Азаттық рухы.

"Ел арасында "коронавируспен ауырып шыққан адам қайта жұқтырмайды" деген пікір бар. Бұл мүлде дұрыс емес. Қазақстан бойынша 800-ге тарта адам коронавирусты қайта жұқтырды", - деді денсаулық сақтау министрі.

Алексей Цой коронавирусты қайта жұқтырған азаматтардың ешқайсы вакцина салдырмағанын айтып, ел тұрғындарын коронавирусқа қарсы вакцина алуға шақырды.

Айта кетейік, елімізде COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК коронавирусқа қатысты соңғы деректерді жариялады. Оған сәйкес, өткен тәулікте елімізде індет жұқтырған 1 068 адам тіркелген.

Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 404 064 жетіп отыр.

Сонымен қатар, өткен тәулікте індеттен 1267 адам жазылған.

Еске сала кетсек, бұған дейін еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов Қазақстан халқына үндеу жасап, әлем елдерін індеттің қайта таралуы алаңдатып отырғанын айтқан еді.

Оның сөзінше, әсіресе Қазақстанмен шекаралас аймақтарда қалыптасқан жағдай алаңдатып отыр.

Ресей мен Қырғызстанда аурудың таралу көрсеткіші өткен жылдан да жоғары. Осы орайда Ерлан Қиясов шетелде демалуға ниетті азаматтарды өзінің және жақындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917967-elimizde-qansa-adamnyn-koronavirusty-qaita-zuqtyrgany-belgili-boldy/

pixel