Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түсік тастаған: Келінінің ішінен ұрған қайын әпкенің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Опубликовано:

Жүктілік
Көрнекі сурет: pixabay.com

Ақмола облысында қайын әпкесі соққыға жыққан келіншек түсік тастады. Бұл туралы өңірдегі полиция департаментінің Instagram парақшасында хабарланды.

Ведомствоның мәліметінше, 14 маусым күні Жақсы аудандық полиция бөліміне орталық аурухананың дәрігерінен 36 жастағы әйелдің "іштің жабық жарақаты, ұрық дамуының тоқтауы" диагнозымен жүгінгені туралы хабарлама келіп түсті.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері жәбірленушінің күйеуінің 41 жастағы әпкесін анықтаған. Ол 13 маусымда жанжал кезінде туысының іш аймағына дене жарақатын салған екен.

Жанжал кезінде күдіктінің де, жәбірленушінің де жүктілік туралы білмегені анықталды.

"Аталған факті бойынша аудандық полиция бөлімінің тергеу бөлімі ҚР ҚК 106-бабының 1-бөлігі "Денсаулыққа ауыр зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі іс бастады. Күдіктіге қатысты келу туралы міндеттеме түрінде процесуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды", - делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда аяқ асты толғағы келген келіншек перзетханаға жетіп үлгермей, көшеде босанып қалғанын жазған едік.

Абырой болғанда, қалалық №16 емхананың акушер-гинекологы келіншектің толғағы келген уақытта сол маңнан өтіп бара жатыпты.

Ол дер кезінде көмекке келіп, баланы аман-есен босандырып алған.

Дәрігерлер қазіргі уақытта ана мен баланың денсаулығы жақсы екенін хабардар етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917984-tusik-tastagan-kelininin-isinen-urgan-qaiyn-apkenin-ustinen-qylmystyq-is-qozgaldy/

pixel