Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы полициясы боди-массаж жасайтын тағы бір салонды анықтады

Опубликовано:

Полицей
Көрнекі фото: Polisia.kz

Алматы қаласының полицейлері боди-массаж жасайтын тағы бір салонды анықтады деп хабарлайды polisia.kz.

Бұл жолы интимді қызмет көрсететін орын Бостандық ауданында анықталды.

“Стоп Трафик” жедел алдын алу іс-шарасы барысында біздің бөлімнің қызметкерлері боди-массаж жасайтын салонды анықтады. Оның негізгі профилі - ақшалай сыйақы үшін интимді қызметтер көрсету. Нысанды тексеру кезінде мекеме әкімшісі және салонда массажист ретінде жұмыс істейтін алты қыз ұсталды.

Олардың жасы 20-дан 27 жасқа дейін, Алматы және Ақтөбе облыстарынан келген. Әйелдер әртүрлі инфекцияларды, оның ішінде коронавирус жұқтыру қаупін ескермей, ақша табу мақсатында клиенттерді қабылдаған", – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Салон қызметкерлері жеке басын анықтау және полиция жазбаларынан тексеру үшін Бостандық аудандық полиция бөлімшесіне жеткізілді. Интимдік кәсіпті ұйымдастырушыға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылданды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917990-almaty-policiyasy-bodi-massaz-zasaityn-tagy-bir-salondy-anyqtady/

pixel