RU

Талдықорғанда 22 жастағы жігіт ағасын бірнеше жерден пышақтап тастаған

пышақ
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Талдықорғанда 22 жастағы ер адам ағасын бірнеше жерден пышақтап тастады. Қолға түскен күдікті психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған деп хабарлайды Қазақпарат.

Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, 11 маусым күні Талдықорған қаласындағы көпсалалы ауруханаға 47 жастағы азамат көптеген пышақ жарақатымен түскен.

Белгілі болғандай, Талдықорғанға қарасты Өтенай ауылының тұрғынын өзінің інісі пышақтаған.

Тексеру барысында 22 жастағы күдіктінің психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаны анықталды.

Қазіргі уақытта осы факті Қазақстан Республикасы қылмыстық кодекстің 106 бабы 1 бөлігі бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Сонымен қатар аедомство өзге ақпарат тергеу құпиялығына байланысты жарияланбайтынын жеткізді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы облысының полициясы екі ер адамның бір жігітке шабуыл жасап, тонап кетті деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917994-taldyqorganda-22-zastagy-zigit-agasyn-birnese-zerden-pysaqtap-tastagan/