Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте 80 мың теңгеге әскери билет алып беремін деген алаяқ ұсталды

Опубликовано:

Жеке куәлік
Көрнекі фото: otyrar.kz

Шымкентте әскери билет алып беремін деп сан соқтырған алаяқ ұсталды деп хабарлайды otyrar.kz.

2021 жылдың 12 маусымында Шымкент қаласы полиция департаменті Әл-фараби ауданы полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған.

Ол өз арызында белгісіз тұлға әскерге бармаған азаматқа "әскери билет" алып беремін деп, алаяқтық жолмен сеніміне кіріп, 80 мың теңге ақшасын өзінің есепшотына аударып алып, алған қаржысын кері қайтармай жүргенін жазып көрсеткен.

Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті азаматты анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Өз кезегінде Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға абай болуға және бейтаныс азаматтарға ақша бермеуге кеңес береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917995-symkentte-80-myn-tengege-askeri-bilet-alyp-beremin-degen-alayaq-ustaldy/

pixel