Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күн салқын әрі жаңбырлы болады: Синоптиктер үш күнге ауа райы болжамын ұсынды

Опубликовано:

Жаңбыр
Көрнекі сурет: pixabay.com

17-19 маусымда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын "Қазгидромет" РМК синоптиктері назарға ұсынды.

17-19 маусымда шығысқа қарай ауысқан ыстық және құрғақ антициклон және солтүстік-батыстан жақындаған суық циклонның әсерінен ауа райы тұрақсыз болып, жаңбыр жауады, еліміздің солтүстік жартысында қатты жаңбыр жауады, найзағай жарқылдап, екпінді жел мен бұршақ күтіледі.

Елдің оңтүстігінде шаңды дауыл болады. Сондай-ақ температуралық фон батыста, солтүстік-батыста күндіз 25-33 градус жылы болады, солтүстікте 10-20 градус жылы болады, орталықта 20-28 градус жылы болады деп күтілуде.

17 маусымда еліміздің басым бөлігінде найзағай жарқылдап, өткінші жаңбыр жауады, батыста және оңтүстік-шығыстың тауларында бұршақ болады. Тек оңтүстік және оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл, солтүстікте және оңтүстік-шығыстың тауларында дауыл күтіледі.

Күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді, тауларда дауыл, бұршақ күтіледі. Күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с болып, екпіні 23 м/с дейін күшейеді.

Қостанай облысында, күндіз Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі.

Күндіз Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде, Атырау облысының оңтүстігінде өте қатты ыстық күтіледі, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918055-kun-salqyn-ari-zanbyrly-bolady-sinoptikter-us-kunge-aua-raiy-bolzamyn-usyndy/

pixel