RU

Өткен тәулікте қанша қазақстандықтың коронавирус жұқтырғаны белгілі болды

Коронавирус
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпидемиологиялық ахуалға қатысты соңғы деректерді жария етті деп хабарлайды Coronavirus2020.kz telegram арнасы.

Қазақстанда өткен тәулікте 1145 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 343
  • Алматы қаласы - 109
  • Шымкент қаласы - 31
  • Ақмола облысы - 37
  • Ақтөбе облысы - 25
  • Алматы облысы - 41
  • Атырау облысы - 62
  • Шығыс Қазақстан облысы - 76
  • Жамбыл облысы - 15
  • Батыс Қазақстан облысы - 84
  • Қарағанды облысы - 150
  • Қостанай облысы - 33
  • Қызылорда облысы - 26
  • Маңғыстау облысы - 39
  • Павлодар облысы - 41
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 21
  • Түркістан облысы - 12.

Осылайша, жалпы ел бойынша ауырғандар саны 405 209-ға жетті.

Еске сала кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға күзге дейін Қазақстанда 10 млн адамға вакцина салынбаса отставкаға кетесіз бе деген сауал қойылды.

"Біз әрбір азамат түсіністік танытады деп үміттенеміз. Сол үшін біз өңірлерде ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз және оны күшейтеміз. Сондай-ақ ұжымдық иммунитет үшін 60 пайыздық межеге жеткізу өте маңызды.

Мұның бәрі Денсаулық сақтау министрлігінің қолында емес. Вакцинация ерікті, сол себепті мен БАҚ өкілдерін түсіндіру жұмыстарына қатысуға және вакцинаның оң әсері туралы, осылайша қаншама азаматты өлімнен аман алып қала алатынымызды айтуға шақырамын", - дейді Цой. Сондай-ақ ол отставкаға қатысты сауалға жауап берді.

"Кез келген үкімет мүшесінің кез келген мәселесі мемлекет басшысына байланысты. Жұмыс қалай бағаланса, шешім де солай қабылданады", - дейді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918060-otken-taulikte-qansa-qazaqstandyqtyn-koronavirus-zuqtyrgany-belgili-boldy/