Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екінші қазақстандық вакцинаның сынағына қатысқан еріктілерге қанша теңге төленеді

Опубликовано:

Қазвак
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Таразда коронавирусқа қарсы қазақстандық QazCoVac-P вакцинасын сынақтан өткізу басталды. Оған 44 ерікті қатысады деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Бірінші клиникалық сынақтарға 18 бен 50 жас аралығындағы дені сау адамдар қатысады. 44 адамның жартысына жаңа препарат егіледі, екінші жартысы плацебо алады.

Еріктілерге 200 мың теңге мөлшерінде сыйақы төленеді.

Ғалымдардың айтуынша, егер бәрі сәтті өтсе, сынақтың екінші фазасы басталады. Оған 200 адам қатысады.

QazCoVac-P – Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары әзірлеген екінші вакцина.

"Біріншісі инактивтелген вакцина болды, ол жерде біз тірі вируспен жұмыс істейміз. Ал мына вакцинаның құрамында тірі вирус жоқ. Бұл суббірлікті вакцина. Бұл вакцина жұмсағырақ болады деген үміттеміз", - деді Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері Берік Хайруллин.

Еске сала кетейік, бұған дейін 15 маусым күні коронавирусқа қарсы қазақстандық жаңа QazCoVac-P суббірлікті вакцинасының клиникалық сынағы басталғанын жазған едік.

Екінші отандық вакцина SARS-CoV-2 коронавирусының жасанды синтезделген ақуыздары негізінде жасалған. Зерттеу институты оның Денсаулық сақтау министрлігінің мамандандырылған кәсіпорнында клиникаға дейінгі сынақтардан сәтті өтіп, өз қауіпсіздігін көрсеткенін алға тартып отыр.

Вакцинаны жасаушылар молекулалық биологияның заманауи технологияларын пайдалана отырып, коронавирустың RBD және N ақуыздары шығаратын иммундық жүйеге таныс бактерия штамдарын алған.

Қауіпсіздік мақсатында бұл ақуыздар тазартылып, мұқият тексерілген екен. Вакцина құрамында бактериялық штамм болғанымен, вирустың өзі жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918086-ekinsi-qazaqstandyq-vakcinanyn-synagyna-qatysqan-eriktilerge-qansa-tenge-tolenedi/

pixel