RU

Тараздағы кафеде төбелес шығарған әйелдердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

төбелес 12
Көрнекі фото: pixabay.com

Тараздағы кафелердің бірінде әйелдер төбелес шығарып, оқиға орнынан қашып кетті деп хабарлайды zakon.kz.

Жамбыл облысы полиция департаментінің мәліметінше, екі әйел облыс орталығының екі тұрғынына дене жарақатын салып, оқиға орнына қашып кеткен.

"Өз кінәсін мойындап, түсініктеме берген екі 33 жастағы азаматша ұсталды. Іс бойынша бірұатар сот сараптамасы тағайындалды. Қылмыстық кодекстің 293-бабы, 2-бөлігі, 1-тармағы бойынша (Бірнеше адам жасаған бұзақылық) сотқа дейінгі тергеу басталды", - дейді ведомство.

Одан бөлек, кафе әкімшілігі де әкімшілік жауапкершлікке тартылуы мүмкін.

Еске сала кетейік, Ақмола облысында қайын әпкесі соққыға жыққан келіншек түсік тастағанын жазған едік.

14 маусым күні Жақсы аудандық полиция бөліміне орталық аурухананың дәрігерінен 36 жастағы әйелдің "іштің жабық жарақаты, ұрық дамуының тоқтауы" диагнозымен жүгінгені туралы хабарлама келіп түсті.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері жәбірленушінің күйеуінің 41 жастағы әпкесін анықтаған. Ол 13 маусымда жанжал кезінде туысының іш аймағына дене жарақатын салған екен.

Жанжал кезінде күдіктінің де, жәбірленушінің де жүктілік туралы білмегені анықталды.

Бүгінде аталған факті бойынша "Денсаулыққа ауыр зиян келтіру" бабымен қылмыстық іс қозғалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918095-tarazdagy-kafede-tobeles-sygargan-aielderdin-ustinen-qylmystyq-is-qozgaldy/