Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рөлді жұлып кеткен: Алматыда жол апаты болып, төрт адам зардап шекті

Опубликовано:

Жол апатына түскен көлік
Оқиға орны. Фото: Sputnik / Стрингер

Оңтүстік астанада әл-Фараби даңғылының бойында жол апаты орын алды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен үш жолаушы жарақат алды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Куәгерлердің айтуынша, Infiniti көлігі әл-Фараби бойымен шығыс бағытта келе жатады. Ходжанов көшесінен өтіп бара жатып, жүргізуші рөлді басқара алмай қалған.

Автокөлік бордюрдің, арықтың үстінен өтіп, содан кейін бар жылдамдықпен ағашқа соғылады. Сөйтіп, көлік айналып келіп арыққа тоқтаған.

Жол апатының куәгерлері соққының қатты болғаны соншалық, машинаның рөлі жұлынып кетті дейді.

Алматыдағы жол апаты
Оқиға орны. Фото: Sputnik / Стрингер

Көмекке келген куәгерлер зардап шеккендерді көліктен шығарып алуға көмектескен. Олардың арасында төрт адам болыпты. Жолаушылардың біреуі ауруханаға ес-түссіз күйде жеткізілген.

Жол полициясы қызметкерлері мен сот-медициналық сарапшылары оқиға орнында жұмыс істеуде, олар сондай-ақ жүргізушінің алкогольді ішімдік ішіп-ішпегенін анықтайды.

Алматыдағы жол апаты
Оқиға орны. Фото: Sputnik / Стрингер

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918113-roldi-zulyp-ketti-almatyda-zol-apaty-oryn-alyp-tort-adam-zardap-sekti/

pixel