RU

Бекшин: Алматыда екі күннен кейін карантин жеңілдейді

Тұрғын
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Алматының Бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин аймақтық коммуникация қызметінің онлайн-брифингі барысында Алматыдағы коронавирусты жұқтыру көрсеткіші маусым айында екі есе азайғанын мәлімдеді. Осыған орай екі күннен кейін оңтүсітк астанадағы карантинге қатысты жаңа қаулы өз күшіне енетін болады.

Бекшин дерттің әлі де бар екендігіне баса назар аударды - жақында оңтүстік астанада COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 112 жаңа жағдайы тіркелген болатын. Санитар дәрігердің айтуынша, эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы аясында халықты вакцинациялау ең маңызды міндет болып қала береді. Сонымен қатар ол санитарлық талаптарды сақтау керектігін еске салды.

"12 маусымнан бастап Алматы "жасыл" аймаққа жайғасты. Айдың басынан бастап коронавируспен сырқаттану екі есе азайды. Соңғы тәулікте КВИ ауруының 112 жағдайы тіркелді, күнделікті өсім 0,1%-ға дейін азайды. 100 мың тұрғынға шаққандағы аурушаңдық деңгейі төмендеуінің тұрақты динамикасы жалғасын табуда - соңғы жеті күнде аталмыш көрсеткіш 64,7-ден 39,8-ге дейін азайған. Бұл көрсеткіштер "жасыл аймаққа" сәйкес келеді", - деп мәлімдеді Бекшин.

Бас санитар дәрігер одан бөлек Алматыда карантин туралы жаңа қаулы дайындалғанын хабарлады - ол екі күннен кейін, 19 маусымда өз күшіне енеді. Жаңа құжат бизнеске қатысты бірқатар жеңілдіктерді қарастырады.

Еске салсақ, бұған дейін еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жаңарғанын жазған едік. Қазақстанның бір қаласы ғана "қызыл" аймақта тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918142-beksin-almatyda-eki-kunnen-keiin-karantin-zenildeidi/