Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында ер адам көршісінің көлігін ұрлап, көлікте ұйықтап қалған жерінен ұсталды

Опубликовано:

Ұрланған көлік
Фото: Алматы облысы ПД

Алматы облысында ер адам көршісінің көлігін ұрлап әкетіп, көлік ішінде ұйықтап қалған. Дәл осы күйде жатқанда оны тәртіп сақшылары қолға түсіреді. Оқиғаның егжей-тегжейін Алматы облысының полиция департаментінің Instagram-дағы ресми парақшасында айтты.

Түнде Қарасай аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Шамалған ауылының 35 жастағы тұрғыны ВАЗ-21115 автокөлігін ұрланғаны туралы арызбен жүгінді.

Факт Қылмыстық кодекстің 200-бабы, 1-бөлімі бойынша тіркелді. Тәртіп сақшылары көлік пен күдіктіні іздей бастады. Нәтижесінде таңертеңгі уақытта патрульдік полиция қызметкерлері көлік ұрланған жерден бірнеше қашықтықтағы тұрған автокөлікті, сонымен қатар ішінде ұйықтап жатқан адамды тапты.

Құқық қорғау қызметкерлері көлік ұрлаған дәл осы 49 жастағы ер адам екенін анықтады, ол сонымен бірге жәбірленушінің көршісі болып шықты.

Күдіктінің айтуынша, ол от алдыру құлпында қалған кілтті көріп, көлікті айдап әкетуге шешім қабылдаған. Таңға дейін әртүрлі жерлерге барып, содан кейін шаршап, көз іліп алғысы келген. Дәл осы уақытта полиция арызданушының көршісінің үстінен түскен. Енді автокөлік иесінің көршісіне қатысты бұл жерден кетпеу және дұрыс мінез-құлық туралы алдын-алу бұлтарпау шарасы таңдалды.

Көлік заңды иесіне қайтарылды.

Еске салсақ, криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізу кезінде бірнеше ұрлық жасағаны туралы жазған едік.

Тергеу барысында ұсталған азаматтың түнгі уақытта терезені бұзып кіріп, үй-жайдан ақша ұрлағаны анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918146-almaty-oblysynda-er-adam-korsisinin-koligin-urlap-kolikte-uiyqtap-qalgan-zerinen-ustaldy/

pixel