RU

Алматыда әртүрлі елден келген коронавирустың 5 штамына ПТР жүргізілуде

тәжвирус
Көрнекі фото: sputniknews.kz

Бүгін, Алматыдағы эпидемиологиялық ахуал бойынша онлайн-брифингте қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин оңтүстік астанада коронавирустың 5 түрлі штамына ПТР жасалып жатқанын айтты. Қалада британиялық штам анықталса, тағы үндістандық, бразилиялық, даниялық және вьетнамдық штамдардың бар-жоғын тексеріп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Қайтадан пайда болатын штамдарға дер кезінде жауап қайтару үшін біздің елде штамдарды бақылау жүйесі бар. Біз мониторинг жүргізу үшін үнемі сынамалардың бір бөлігін секвенирлеуге жібереміз. Наурыз айының соңында Алматыда британиялық штамның 77,5 пайызға таралғанын анықтадық. Мамыр айының соңында британиялық штамның таралуы 84 пайыз болды.

Осы аптада біз британиялық, үндістандық, бразилиялық және даниялық штамдарды индикациялау бойынша өз бетімізше жұмыс істей бастадық. Сондай-ақ біз Оңтүстік-шығыс Азияда кеңінен таралып жатқан вьетнамдық штамды зерттеуді бастаймыз деп жоспарлап отырмыз", - дейді Бекшин.

Сонымен бірге, санитар дәрігер Қазақстанда Мәскеуде кеңінен таралып жатқан, мутацияға ұшыраған үндістандық штамның пайда болуы мүмкін бе деген сауалға жауап берді.

"Біз Ресеймен шекаралас бола тұра, тысқары қала алмаймыз. Қазір Алматы бойынша кеңейтілген ПТР тестілеу жүргізудеміз. Оған үндістандық штам да кіреді", - деді ол.

Бекшиннің сөзінше, Алматыда да, Қазақстанда да Дельта штамы табылмаған.

"Наурыз айында бізде британиялық және оңтүстік-африкалық штамм анықталды. Алматыда басқа штамдар тіркелген жоқ", - деп хабарлады Бекшин.

Бекшин мутацияланған штамдар екі есе жұқпалы екенін, оны жұқтырған 10 пациенттің орта есеппен жетеуі жансақтау бөліміне түсетінін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918156-almatyda-arturli-elden-kelgen-koronavirustyn-5-stamyna-ptr-zurgizilude/