RU

Жамбыл облысындағы атыс кезінде 5 адам зардап шекті

Видеодағы кадр
Видеодағы кадр: Жамбыл облысы ПД

Жамбыл облысында 20 мен 24 жас аралығындағы 5 адам оқ жарақатымен ауруханаға түсті. Оқиғаның егжей-тегжейі туралы облыстық полиция департаментінде айтылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның хабарлауынша, 15 маусымда Сарысу аудандық полиция бөліміне ауруханадан 20-дан 24 жасқа дейінгі жастағы 5 тұрғын оқ жарақатымен түскені туралы хабарлама түскен.

"Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 24-бабы, 3-99 бөлігі, 1.9-тармағының 2-бөлігі (Бұзақылық ниетпен екі немесе одан да көп адамға қатысты қасақана кісі өлтіру әрекеті) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – деп хабарлады Жамбыл облысының полиция департаменті.

Тәртіп сақшылары жастар арасында жанжал болғанын, олардың біреуі мылтықтан бес адамға қарай бірнеше рет оқ атқанын анықтады.

Жедел-іздестіру шаралары барысында 22 жастағы күдікті қамауға алынды. Ол өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сараптама тағайындалды.

Еске салайық, осыған дейін Алматы облысында тойда оқ атқан азамат жазаланғанын жазған едік.

Талғар аудандық соты ер адам 27 мамыр күні "Айсұлтан" мейрамханасында өткен шарада тәртіп бұзып, RETAY PT24 сигналдық тапаншасынан төрт рет оқ атқанын анықтаған болатын. Сотта қоғамдық орындағы кішігірім бұзақылық жасау фактісі расталды.

Оған қоса, Қызылорда қаласында полицейлер көшеде мылтық алып жүрген тұрғынды қолға түсірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918164-zambyl-oblysyndagy-atys-kezinde-5-adam-zardap-sekti/