Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Студенттерге вакцина салдыру міндетті ме: Жандарбек Бекшин жауап берді

Опубликовано:

студентка на уроке
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин студенттердің қандай жағдайда оқу орнына келіп оқи алатынын айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ол елімізде вакцина салдыру туралы шешімді әркім ерікті түрде қабылдайтынын еске салды.

"Меніңше, студенттер офлайн режимде оқығысы келсе, оқу орнының студенттері мен оқытушыларының 80%-тен асқан бөлігі вакцина салдыруы керек. Бұл балабақша, мектепте де дәл солай. Егер отбасыда 18 жастан асқандар вакцина салдырған болса, балалар мектепке барып оқуы керек", - деді Алматы қаласының бас саниатр дәрігері.

Бекшин вакциналау көптеген мәселені шешуге көмектесетінін атап өтті.

"Келесі оқу жылын офлайн форматта бастау қажет. Ол үшін 18 жастан асқан барлық адам вакцина салдыруы қажет. Егер студент жатақханада тұратын болса, медициналық қарсы көрсеткіштері бар адамнан басқасының бәрі вакцина салдырған болуы керек", - деді Жандарбек Бекшин.

Сонымен қатар оңтүстік астананың бас санитары Алматыдағы коронавирусты жұқтыру көрсеткіші маусым айында екі есе азайғанын мәлімдеді.

Жаңа қаулы 19 маусымда өз күшіне енеді. Құжат бизнеске қатысты бірқатар жеңілдіктерді қарастырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918188-studentterge-vakcina-saldyru-mindetti-me-zandarbek-beksin-zauap-berdi/

pixel