Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қоғам белсендісі әмеңгерлікке келіскен жалғызбасты әйелдерге мемлекеттен сыйақы тағайындауды ұсынды

Опубликовано:

Төлен Рамазанұлы
Фото: Facebook/Төлен Рамазанұлы

Қоғам белсендісі Төлен Рамазанұлы еліміздегі жалғызбасты әйелдер мен жетімдер мәселесін шешудің жолын айтты. Ол қазақтың байырғы салты әмеңгерлікті заңдастыруды ұсынды деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қоғам белсендісі Төлен Рамазанұлы Facebook-тегі парақшасында қазақта бұрын болған әмеңгерлік салтын қайта жаңғырту керектігін алға тартты. Оның сөзінше, әмеңгерлік - жетімді жылатпау, жетімдікті болдырмаудың жолы. Төлен Рамазанұлы ұсынысты парламент қолдағаны жөн деген тоқтамға келген.

"Әмеңгерлік - жетімді жылатпау, жетімдікті болдырмау, жою жолы. Ағайын-туыстары әмеңгер болуы керек. Себебі, бала жаттың қолында өзін төмен ұстайтын болады. Өз ортасы, әкесінің ағасы, не інісі қамқор әке болса, бәрінен дұрысы сол. Сондай әмеңгерлікті үкімет қолдауы тиіс. Ұлт болып, бұл ұсынысты парламентке өткізу керек", - дейді жазба авторы.

Төлен Рамазанұлы әмеңгерлікке мойынсұнған отбасыға мемлекеттің қолдауы қажет деп санайды.

"Әмеңгерлік салтына мойынсұнған отбасыға мемлекеттік қолдау болса, мысалы, көпбалалы отбасына баспанасы болмаса дереу баспана берілсе, ауылды жерде тұрса көлікке жеңілдік берілсе, қоғамда жетімдер қараусыз қалмас еді...", - деген ойын жеткізді ол.

Жазба авторы жесір әйелдерге тек әмеңгерлікке шықса ғана қарайласу керек деген пікірде.

"Егер қайынаға, қайынысы болмаса рулас қайындарымен бас қосса үкімет қарайласуы тиіс.

екінші жолы, балаларын өз жұртына яғни, қайынатасына, қайынағасының отбасылары алып қалуға міндеттеліп, келіншекке бөтен біреуге тұрмысқа шығуға рұқсат берілуі мүмкін.

Үшінші жолы, жетім баланың келіншегі жесір қалса, ол келіншек тұрмысқа шықса, оған баспана берілсе...

Ал ажырасу - үлкен мәселе. Ажырасуға тыйым салынған жөн", - деп есептейді Төлен Рамазанұлы.

Алайда желі қолданушылары әмеңгерлік салтының қайта жаңғыруына сенбейтінін жазды.

"Баяғыда "әйел ерден кетсе де елден кетпейді" дейтін қағида бар тұғын. Сол кезде әмеңгерлік жүретін, қоғам заңы солай еді, ер де, әйел де мойындайтын. Қазір жұрт әмеңгерлікке теріс қарайды, ол өте ұят саналады. Өйткені діл өзгерген", " Ол бұрын еді. Себебі- ол кезде алимент, балаларға берiлетiн жәрдем ақша жоқ едi, ажырасу да болмайтын. Күйеуi қайтыс болса қайнысына қосатын балалар үшiн. Ал қазiргi заманда күйеуi кайтыс болса, жалғызбасты анаға құжаттарды түгендесе, көп ақша береді", - дейді желіде пікір білдірушілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918200-qogam-belsendisi-amengerlikke-kelisken-zalgyzbasty-aielderge-memleketten-syiaqy-tagaiyndaudy-usyndy/

pixel