Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда мәйітхананың экс-директоры сотталды

Опубликовано:

Бақытжан
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Алматы қалалық патолого-анатомиялық бюроның бұрынғы директоры Бақытжан Әлібеков 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын орташа қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде өтейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бүгін Алматы қаласы Медеу ауданының №2 сотында қалалық патолого-анатомиялық бюроның бұрынғы директоры Бақытжан Әлібековке қатысты үкім шықты. Ол кәсіпкерден 14 миллион теңге көлемінде пара алды деп айыпталды. Әлібеков Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің төрт бабы бойынша - 24-баптың 3-бөлігі, 366-баптың 3-бөлігі 3-тармағы, 189-баптың 3-бөлігі 1, 2-тармақтары, 364-баптың 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын орташа қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде өтейді

Ол сондай-ақ мемлекеттік қызметте, сотта, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Ұлттық банкте және қаржы нарығын қадағалау органдарында лауазымды қызметтерді атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Сонымен қатар, Әлібековтен 30 193 теңге көлеміндегі процессуалдық шығындар және жәбірленушілерге өтемақы төлеу қорына 20 АЕК мөлшерінде қаражат өндіріледі.

"Әлібековтің кәмелетке толмаған баласы бар екені сондай-ақ бұл оның алғаш жасаған қылмысы екені әрі қылмысты ауырлататын мән-жайлар жоқтығы ескерілді", - деді судья Залина Махарадзе. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, Бақытжан Әлібеков пара алды деген күдікпен 2020 жылдың қазан айында ұсталған. Сот отырысында іс бойынша куәгер 14 миллион теңге пара туралы айтып берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918222-almatyda-maiitxananyn-eks-direktory-sottaldy/