Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында кәмелет жасынан толмаған бала аттан құлап, көз жұмды

Опубликовано:

Нұр-Сұлтанда өткен республикалық турнирде асыл тұқымды ат өлді (видео)
Көрнекі фото: piqsels.com

Павлодар облысында кәмелетке толмаған бала аттан құлап, қаза тапты деп хабарлайды Қазақпарат.

Қайғылы жағдай Павлодар облысының Ақтоғай ауданында орын алған.

Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады.

Ведомство мәліметінше, 16 маусым күні Павлодар қалалық полициясына шаһардағы ауруханалардың бірінде кәмелетке толмаған баланың қаза тапқан туралы хабар түскен.

"15 маусым күні Павлодар облысының Ақтоғай ауданы, Бесталап ауылында сағат 12:30-да кәмелетке толмаған бала аттан құлады. Оны көргендер бар",-делінген полиция таратқан хабарламада.

Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1918223-pavlodar-oblysynda-kamelet-zasynan-tolmagan-bala-attan-qulap-koz-zumdy/

pixel