RU

Хайп үшін автобустың төбесіне шығып алған ақсулық жігіттің әрекетті полицейлерді шошытты (видео)

Видео
Видеодан кадр: Polisia.kz

Павлодар облысында полиция қызметкерлері хайп үшін автобустың төбесіне шыққан 18 жастағы жігітті жауапкершілікке тартты деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде бір видео тәртіп сақшыларының назарын аударған.

Кадрдан жүріп бара жатқан автобустың төбесінде жатқан жас жігіт байқалған.

Осыған байланысты құқық қорғау саласының қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізген.

Нәтижесінде полиция қызметкерлері 17 маусымда сағат 13:00 шамасында Ақсу қаласы Астана көшесіндегі аялдаманың шатырынан жүргелі тұрған автобустың төбесіне шығып, қозғалыс кезінде бейәдеп сөздер айтқан жігітті анықтаған.

Ол 18 жастағы жергілікті тұрғын болып шыққан.

Жас жігітке қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы ("Ұсақ бұзақылық") бойынша әкімшілік іс қозғалған.

Материал шешім шығару үшін сотқа жіберілді.

Сонымен қатар, 18 жастағы ақсулықтың бұндай қадамға хайп үшін барғаны айтылды.

Еске сала кетсек, осыған дейін Теміртауда қираған ғимарат шатырында TikTok түсірген қыздар тұрғындардың зәресін ұшырғанын жазған едік.

Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған видеоның тексерілгенін алға тартты. Ведомство ақпараттың назарға алынғанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918226-xaip-usin-avtobustyn-tobesine-syqqan-aqsulyq-zigittin-zurttyn-zaresin-usyrdy-video/