RU

Коронавирустен емделіп жатқан 442 адамның жағдайы ауыр

Фото
Көрнекі фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясы туралы соңғы мәліметтерді ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

18 маусымдағы мәліметтерге сүйенсек, 20 899 адам коронавирус инфекциясынан (19 711 КВИ+ және 1 188 КВИ-) емделіп жатыр.

"Олардың арасында 6 403 пациент стационарда, 14 496 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда" делінген хабарламада.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 442 адамның жағдайы ауыр,
  • 106 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 72 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918288-koronavirusten-emdelip-zatqan-442-adamnyn-zagdaiy-auyr/