Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Соңғы деректер шықты: "Қызыл" аймақта қай өңір тұр

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

18 маусымдағы жағдай бойынша, "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан қаласы тұр.

Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары "сары" аймақта орналасқан.

Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары "жасыл" аймақта.

Еске сала кетсек, осыған дейін денсаулық сақтау министрлігі елде коронавирус жұқтырғандарға қатысты деректі жаңартқан болатын.

Қазақстанда өткен тәулікте 1174 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 372

Алматы қаласы - 105

Шымкент қаласы - 37

Ақмола облысы - 38

Ақтөбе облысы - 34

Алматы облысы - 37

Атырау облысы - 62

Шығыс Қазақстан облысы - 90

Жамбыл облысы - 18

Батыс Қазақстан облысы - 71

Қарағанды облысы - 152

Қостанай облысы - 32

Қызылорда облысы - 20

Маңғыстау облысы - 30

Павлодар облысы - 44

Солтүстік Қазақстан облысы - 16

Түркістан облысы - 16

Осылайша, жалпы ел бойынша ауырғандар саны 406 383-ке жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918294-songy-derekter-syqty-qyzyl-aimaqta-qai-onir-tur/

pixel