RU

WhatsApp-та қатаң карантин енгізу жайлы хабарлама тарауда: Ақпарат қаншалықты рас

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

WhatsApp мессенджерінде "Хабар" арнасының жаңалықтар шығарылымынан үзінді тарап жатыр. Роликте жүргізушілер 20 және 21 маусымда елімізде карантин шараларының күшейтілетінін хабарлайды. Stopfake.kz-тің жазуынша, бұл хабарлама шындыққа жанаспайды.

Сайттың мәліметінше, аталмыш сюжет 18 жылдың 2020 маусымында эфирге шыққан.

Санитариялық-​эпидемиологиялық бақылау комитетінің өкілі Ержан Байтанаевтың айтуынша, қазір Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай жақсарып келе жатқандықтан, алдағы уақытта карантиндік шараларды қатаңдату жоспарланып отырған жоқ.

"Еліміздегі жағдай тұрақты, карантин шараларын қатаңдату мәселесі қарастырылып отырған жоқ", – дейді ол.

18 маусымдағы жағдай бойынша, коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан қаласы ғана қалды.

Ал "сары" аймақта Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары тұр. Қалған өңірдің барлығы "жасыл аймақта".

Айта кетейік, өткен тәулікте елімізде 1174 адамнан коронавирус анықталды. Олардың дені елордадан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918347-whatsapp-ta-qatan-karantin-engizu-zaily-xabarlama-tarauda-aqparat-qansalyqty-ras/