Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы мәйітханасының экс-басшысы миллиондарды қалай жымқырған

Опубликовано:

Бақытжан
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

"Қалалық патолого-анатомиялық бюроның" директоры Әлібековке қатысты сот үкімі шыққан еді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі онлайн брифинг барасында оның миллиондаған қаражатты қалай жымқырғанын айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Алматы қаласы Медеу аудандық сотының үкімімен патологиялық-анатомиялық бюроның басшысы 8 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Одан бөлек, Бақытжан Әлібеков өмір бойы мемлекеттік органдарда қызмет ету құқығынан айырылған еді. Бақытжан Әлібеков пара алды деген күдікпен 2020 жылдың қазан айында ұсталған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің айтуынша, ол коронавируспен күресу шаралары аясында жеткізілген медициналық және өзге де жабдықтарды қабылдау-тапсыру актілерін кедергісіз мақұлдау үшін жеке компания өкілінен делдал арқылы 14 миллион теңге пара алды деп күдіктелген.

Сонымен қатар, агенттік ақпаратына сәйкес, 2020 жылдың қаңтарынан қыркүйек айына дейін Әлібеков Veritas Primus ЖШС коммерциялық ұйымының нақты басшысы болғанында қаржы-шаруашылық қызметке заңсыз қатыса отырып, Veritas Primus ЖШС мен ШЖҚ МКК арасындағы мемлекеттік сатып алу келісімшарты бойынша бөлінген 4,5 млн теңгені құрайтын бюджеттік қаражатты жымқырған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы қалалық патолого-анатомиялық бюроның бұрынғы директоры Бақытжан Әлібеков 8 жыл бойы жазасын орташа қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде өтейтінін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918366-almaty-maiitxanasynyn-eks-bassysy-milliondardy-qalai-zymqyrgan/

pixel