Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Босану кезіндегі қолайлы жағдайлар үшін": Алматыда перзентхана директоры 780 мың теңге пара алған

Опубликовано:

Жүкті әйел
Көрнекі фото: pixabay.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі онлайн-брифинг барысында пара алғаны үшін ірі көлемде айыппұл арқалаған Алматыдағы перинаталдық орталықтың және балалар кардиохирургиясының директоры жайлы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, перинаталдық орталықтың директоры Бодықовқа 27,3 миллион теңге айыппұл салынған.

Ол босанған 5 әйелден және олардың туыстарынан делдал арқылы 780 мың теңге көлемінде пара алған.

Ал жеке медициналық ұйымның акушер-гинекологы Быковский пара алу кезінде делдал болған, ол делдалдық еткені үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Параның қайтарымына перинаталдық орталықта жүкті әйелдер үшін "босануға қолайлы жағдайлар" жасалу керек болған.

Айта кетейік, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов бірінші орынбасары болған Нұрлан Таубаевтың кінәсі дәлелденсе отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеген еді.

Нұрлан Таубаев пен облыстық құрылыс басқармасының бастығы болған Тимур Басаров 182 миллион теңге пара алды деп күдіктелуде.

Еске салсақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжановты қабылдаған болатын.

Президентке ведомство жұмысының қорытындылары мен мемлекет басшысының бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы есеп берілді.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасына мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарын үйлестіру жөніндегі жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918367-bosanu-kezindegi-qolaily-zagdailar-usin-almatyda-perzentxana-direktory-780-myn-tenge-para-algan/

pixel