RU

Қаланың өркендеуіне үлес қосқандарға "Шымкент қаласының құрметті азаматы" атағы берілді

Мұрат Әйтенов1
Фото: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс бесінші сессиясында 20 қала тұрғыны "Шымкент қаласының құрметті азаматы" атанған болатын. Олар Шымкенттің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына елеулі үлес қосып, қоғамдық қызметте белсенділік танытқаны үшін осы атқа лайық деп танылды. Бірі зейнеткер-ұстаз, бірі имам болса, енді бірі профессор мен кәсіпкер.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов осынау марапатқа ие болғандарды құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

марапттау11
Фото: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Елбасының тарихи Жарлығына сәйкес, 2018 жылғы 19 маусымда Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қала статусына ие болған еді. Одан бері тұп-тура 3 жыл уақыт өтті. Қала күні – өткенді саралап, бүгінді бағалап, ертеңге болжам жасайтын мерейлі мереке. Соңғы 3 жылдың көрсеткіштеріне зер салсақ, бұл көреген шешім қаланың екінші тынысын ашты деп айтуға әбден болады.

Біріншіден, қала бюджеті 3,6 есеге өсіп, 131,2 млрд теңгеден биыл 481 млрд теңгеге жетті. Инвестиция көлемі соңғы үш жылда екі есеге жуық өсіп, 214 млрд теңгеден биыл 400 млрд теңгеге жетеді. 2025 жылға дейін қаладағы негізгі инженерлік инфрақұрылым мәселесі шешіледі. 3 жыл бұрын 402,5 мың шаршы метр тұрғын үй берілсе, биыл бір миллионға жеткізуді жоспарлап отырмыз.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарасаңында осындай жетістіктердің берік іргетасын қалаған, Шымқаламызға үнемі қамқорлық көрсетіп отырған Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Шымкент қаласының дамуындағы тарихи рөлін атап өтуіміз қажет.

Мемлекет басшысы үшінші мегаполистің қарқынды дамуына қатысты нақты тапсырмалар беріп, биік межелер мен маңызды міндеттерді белгілеп берді. Шымкентті халыққа қолайлы қала ете түсу бағытындағы осынау жасампаз жұмысқа баршаңызды атсалысуға шақырамын. Қаламыздың қарқынды дамуына қосып жатқан үлестеріңіз үшін баршаңызға шексіз алғысымды білдіремін", – деді қала әкімі.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов қаланың дамуына үлес қосқан азаматтарды марапаттап, арнайы төсбелгіні табыс етті.

марапттау рәсімі11
Фото: Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі

Мұрат Дүйсенбекұлы марапаттау сәтінде еңбегі сіңген азаматтардың бәріне ерекше қошамет көрсетті.

Салтанатты іс-шара одан әрі мерекелік концертке ұласты.

билеп тұр11
Фото: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918427-qalanyn-orkendeuine-ules-qosqandarga-symkent-qalasynyn-qurmetti-azamaty-atagy-berildi/