Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ертіс орманы" резерватынан өрт шықты (фото)

Опубликовано:

"Ертіс орманы" резерватындағы өрт
Оқиға орны. Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Павлодар облысының Аққулы ауданында орналасқан "Ертіс орманы" орман қорынан өрт шықты. Төтенше жағдай туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеме жасады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Анықталғандай, 18 маусымда 12 сағат 36 минутта Павлодар облысы Аққулы ауданының 101 желісіне "Ертіс орманы" орман қорында жану туралы хабарлама келіп түскен.

Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары оқиға орнына жедел жіберілді.

"Ертіс орманы" резерватындағы өрт
Оқиға орны. Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

ҚазАваиа күзету қызметкерлері тікұшақпен ұшып өткеннен кейін, Баймбет орманшылығында бес бөлек ошақтарда жану орын алғаны анықталды.

Өрт сөндіруге Павлодар облысы ТЖД құрамында жеке құрамнан 8 адам және 3 бірлік техника, сондай-ақ "Ертіс орманы" орман қорғауынан 60 қызметкер және 17 бірлік техникасынан жұмылдырылды. Сағат 15-00-де барлық ошақтар уақытында оқшауланды.

"Ертіс орманы" резерватындағы өрт
Оқиға орны. Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1918441-ertis-ormany-rezervatynan-ort-syqty-foto/

pixel