Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алексей Цой ақ халаттыларды кәсіби мерекесімен қазақ тілінде құттықтады (видео)

Опубликовано:

Алексей Цой
Алексей Цой. Фото: primeminister.kz

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой өзінің әріптестерін Медицина қызметкері күнімен қазақ тілінде құттықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Министр "Қазақстан" телеарнасының эфирінде дәрігерлерге қазақ тілінде үндеу жасады, құттықтау видеосын Алексей Цой өзінің Instagram парақшасында жариялады.

Министр медицина қызметкерлерінің ерен еңбегі үшін алғыс айтты.

"Құрметті әріптестер, сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Әрбір жеңістің артында біздің барлық қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің мамандығына шексіз берілген оразан еңбегі тұр", – деді Алексей Цой.

Сонымен қатар, министр әріптестеріне және олардың отбасыларына денсаулық пен амандық тіледі.

Министр сонымен бірге сала қызметкерлерін орыс тілінде де құттықтады.

Құттықтауында министр бүгінде Қазақстанда бұл салада 260 мыңға жуық адам жұмыс істейтінін, оның ішінде 75 мыңнан астам дәрігер мен 185 мың орта медициналық қызметкер жұмыс істейтінін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918476-aleksei-coi-aq-xalattylardy-kasibi-merekesimen-qazaq-tilinde-quttyqtady-video/

pixel