Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында тұтқындалған депутат партиядан шығарылды

Опубликовано:

ұсталды
Көрнекі фото: sn.kz

Қазір үйқамақта отырған Атырау облысының мәслихат депутаты Абзал-Сенби Самаликов Nur Otan партиясынан шығарылды деп хабарлайды "Ақ Жайық".

"Партияның облыстық филиалының партиялық бақылау комиссиясы осы факті бойынша өткізген отырысында Самаликовты Nur Otan қатарынан шығаруды ұсынды. 18 маусымда партияның Мақат аудандық филиалы Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтіп, онда Самаликовты Nur Otan-нан шығару туралы шешім қабылданды", - деп көрсетілген партияның облыстық филиалының хабарламасында.

Сонымен қатар, Самаликовтың депутаттық өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылғаны да атап өтілді.

Естеріңізге сала кетейік, «Мақат-Атырау жүк тасымалы жедел локомотив депосының» 43 жастағы басшысы аса ірі көлемде ұрлық жасады деген күдікке ілінді. Онымен қоса, осы істе күдікті ретінде тағы 22 адам қарастырылып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918534-atyrau-oblysynda-tutqyndalgan-deputat-partiyadan-sygaryldy/

pixel