Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде Toyota Land Cruiser аударылып, екі мектептің директоры қайтыс болды

Опубликовано:

апат
Фото: Ақтөбе облыстық ПД

Ақтөбеде Ойыл ауданындағы киелі жерлерге барған​ төрт мектептің директоры жол апатына түсті. Білім басшылары мінген Toyota Land Cruiser жол ережесін бұзып, көлік аударылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ​ тілшісі.

Ақтөбеде Ойыл ауданындағы киелі жерлерге барған​ ​ төрт мектептің директоры жол апатына түсті. Білім басшылары мінген Toyota Land Cruiser жол ережесін бұзып, көлік аударылған.​

Оқиға 19 маусым күні сағат 20:20-да Қобда-Ойыл автожолының 156 шақырымында тіркелген.

33 мектеп директоры Альмира Орақова мен 20 мектеп директоры Бағдат Орынбаева оқиға орнында қаза болды. Ауыр жарақат алған тағы екі адам аудандық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер мектеп басшыларының өмірі үшін күресуде.

"Оқиға туралы хабарланған бойда екі реанимобиль жібердік. Екі адам оқиға орнында қаза болған. Екі жолаушы аудандық аурухана жеткізілді. Көліктің алдында отырғандар қайтыс болған, артта отырғандар тірі қалды. Жағдайлары тұрақты ауыр деп бағаланады. Науқастар жансақтау бөлімінде жатыр.​ Көп қан жоғалтқан. Жабық бас ми жарақаты, қабырғасы, бұғанасы, жамбас сүйегі сынған. Толық тексеру жұмыстары жүріп жатыр",- дейді Ойыл аудандық ауруханасының бас дәрігері Сәндібек Нұрбаев.

Аудандық аурухананың бас дәрігері науқастардың жағдайлары тұрақталғаннан кейін ғана орталыққа жеткізілетін хабарлады. Науқастар есін біледі, туыстарымен кездесуге рұқсат берілген.

Облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты іс қозғалғанын хабарлайды.

"Тойота Ленд Крузер Прадо" а/м жүргізушісі Ойыл ауылынан Қобда ауылына қарай жүріп келе жатып, ҚР ЖҚЕ бұзып, рөлді басқара алмай, автокөліктің қозғалыс бағыты бойынша сол жаққа аударылуына жол берді.

Нәтижесінде Тойота жүргізушісі мен бір жолаушы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, тағы екі жолаушы бірнеше жарақатпен Ойыл аудандық орталық ауруханасына жатқызылды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды",- дейді облымтық ПД-нің басшысы.

апат
Фото: Ақтөбе облыстық ПД

Облыстық білім басқармасының басшысы болған жағдайға қайғыра көңіл айтты.

"Ұстаздардың мезгілсіз​ ауыр қазасы әріптестерінің де қабырғасын қайыстырды. Әріптестеріміздің туыс-туғандарына мезгілсіз келген ауыр қазаға ортақтасып, қайғыра көңіл айтамын. Білім саласының майталманы атанған олардың орны әрдайым ойсырап тұрары сөзсіз. Әріптестеріміздің сіңірген еңбегін, жарқын бейнесін, азаматтық тұлғасын ешқашан ұмытпаймыз",- деді облыстық білім басқармасының басшысы Жолдас Батырхан.

Қазір Ойыл аудандық ауруханасында 25 мектеп директоры Баядилова Шолпан Орынбасарқызы мен Новый орта мектебі директоры Кисыкова Ақгүл Мырзабекқызы ем алуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1918542-artta-otyrgandar-aman-qaldy-aqtobede-mektep-direktorlary-mingen-toyota-land-cruiser-audaryldy/

pixel