Қазақстанда өткен тәулікте мыңға жуық адам коронавирус жұқтырды
Опубликовано:

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 930 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 409 580-ге жетіп отыр деп хабарлайды coronunavirus2020.kz.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы - 215,
Алматы қаласы - 115,
Шымкент қаласы - 59,
Ақмола облысы - 36,
Ақтөбе облысы - 19,
Алматы облысы - 13,
Атырау облысы - 40,
Шығыс Қазақстан облысы - 75,
Жамбыл облысы - 13,
Батыс Қазақстан облысы - 66,
Қарағанды облысы - 150,
Қостанай облысы - 32,
Қызылорда облысы - 16,
Маңғыстау облысы - 15,
Павлодар облысы - 40,
Солтүстік Қазақстан облысы - 13,
Түркістан облысы - 13.
Айта кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой республика аумағында корнавирус бойынша эпидемиологиялық ахуалдың тұрақталғанын хабарлаған еді. Болжамға сәйкес, ауру жұқтыру көрсеткіші оптимистік сценарий бойынша тіркеліп жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918584-qazaqstanda-otken-taulikte-mynga-zuyq-adam-koronavirus-zuqtyrdy/