Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте техникалық қызмет көрсету орталығында өрт шығып, бір көлік жанып кетті (видео)

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Шымкентте техникалық қызмет көрсету орталығында өрт болып, бір көлік жанып кетті деп хабарлайды Отырар арнасы.

Телеарна таратқан ақпаратқа сәйкес, 19 маусым күні сағат 17:09-да "101" басқару пультіне Абай ауданы, Хатын көпір шағынауданындағы Исаханов көшесі бойында орналасқан жекеменшік "Умиджан" техникалық қызмет көрсету орталығында өрт шыққаны хабар келіп түскен.

Оқиға орнына тез арада жеткен өрт сөндіру бөлімдері аталған орталықтың аумағында бокстың төбе жаппасы және "Nexia" жеңіл көлігі жанып жатқандығын анықтады.

Тілсіз жау сағат 18:10-да оқшауланып, 18:18-де толығымен ауыздықталды.

Қалалық төтенше жағдайлар департаменті оқиғадан зардап шеккендер мен көз жұмғандар жоқ екенін мәлімдеді.

Сонымен қатар, техникалық қызмет көрсету орталығынан өрт сөндіру бөлімінің мамандары қауіпсіз жерге 1 газ және 2 оттегі баллондарын шығарғаны белгілі болды.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр..

Оқиға орнында Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің 17 қызметкері мен 5 дана техникасы жұмылдырылды.

"Құрметті қала тұрғындары! Жазғы өрт қауіпті кезеңінде өрт қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз!", деп ескертті ведомство өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1918588-symkentte-texnikalyq-qyzmet-korsetu-ortalygynda-ort-sygyp-bir-kolik-zanyp-ketti-video/

pixel