Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетау қаласында массаж салонында интимдік қызмет көрсеткен екі жезөкше ұсталды

Опубликовано:

Көрнекі
Фото: polisia.kz

Көкшетауда притон ұйымдастырған жеңгетай анықталды деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылым мәліметінше, 17 маусым күні “Стоп-трафик” жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ақмола облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Көкшетау қаласының аумағында жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды ұйымдастыру және ұстау фактісін анықтады.

Тәртіп сақшылары ұйымдастырушыны, облыс орталығының 32 жастағы тұрғынын, сондай-ақ 21 жастан 27 жасқа дейінгі жезөкшелерді анықтады.

Күдіктінің массаж салоны ретінде интимдік қызмет көрсету, клиенттерді іздеу және жарнама бойынша жұмыс ұйымдастырғаны белгілі болды.

Оның мекен-жайы ішкі істер министрлігі криминалдық полиция департаментіне бұғаттау үшін жіберілді.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 309-бабы ("Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық") бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918601-koksetau-qalasynda-massaz-salonynda-intimdik-qyzmet-korsetken-eki-zezokse-ustaldy/

pixel