RU

Павлодар қаласының қақ ортасындағы тігін салоны қасақана өртелді

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Павлодарда тігін салонының ғимараты түн ішінде өртеніп кетті деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұл ақпаратты Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Айдана Жақыпова растады.

Оның сөзінше, 20 маусым күні сағат 00.38-де Павлодар қаласы, Генерал Дүйсенов көшесі 123 мекенжайында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

Қызыл жалынға оранған бір қабатты ғимарат "Просто Мария" атты тігін салоны.

Шатырдың ағаш бөлігі толығымен, қабырғалары ішінара жанып кетті.  

"Өрт сағат 03.10-да сөндірілді. Мамандардың айтуынша, ғимарат қасақана өртелген", - деді ведомство өкілі.

Тігін цехы өте ыңғайлы жерде орналасқан, оның иелеріне бұрын басқа жерге көшу туралы ұсыныстар түсіп, арандатушылықтар болған.

Басылым дерегінше, әлдекімдер бір күн бұрын да тігін салонын өртеп жіберуге тырысыпты.

Өрт сөндірушілердің бұл істі полиция департаментіне жібергені белгілі болды.

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 38 адам және 8 техника қатысты. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918617-pavlodar-qalasynyn-qaq-ortasyndagy-tigin-salony-qasaqana-orteldi/