Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да 7 жасар бала темір торға аяғын қыстырып алды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында 7 жасар бала темір торға аяғын қыстырып алған деп хабарлайды Қазақпарат.

Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, келеңсіз жағдай Алтай қаласындағы Жақсыбаев көшесінде орын алған.

Белгілі болғандай, ойнап жүрген бала байқаусызда ауладағы темір тордың біріне аяғын қыстырып алып, өз бетімен шығара алмаған.

Сол жерге №3 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері тез арада келіп жеткен.

Құтқарушылардың апаттық-құтқару құралының көмегімен темір торды кеңейтіп, оқушының аяғын шығарғаны айтылды.

Ведомство өкілдері содан кейін бала бірден жәдел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылғанын хабардар етті.

Осы ретте облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмай, оларға қауіпсіздік шаралары туралы жіті түсіндіру қажеттігін ескертті.

Олар қандай да бір төтенше жағдай болса бірден "112" нөміріне қоңырау шалу керек екенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918618-sqo-da-7-zasar-bala-temir-torga-ayagyn-qystyryp-aldy/

pixel