RU

COVID-19: Еліміздегі қалалардың бірі "сары" аймаққа өтті

Коронавирус
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

21 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК ресми Telegram-каналында жария етті.

Соңғы ақпаратқа сәйкес, бұған дейін "жасыл" аймақта болған Шымкент қаласы "сары" аймаққа өткен. Сонымен, елдегі эпидахуал келесідегідей:

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы.

"Сары" аймақта: Шымкент қаласы, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары.

"Жасыл" аймақта: Алматы қаласы, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда өткен тәулікте мыңға жуық адам коронавирус жұқтырғанын жазған едік.

Сонымен қатар, денсаулық сақтау вице-министрі коронавирусқа қарсы вакцина ақылы болуы мүмкін деген мәліметке түсініктеме бергенін жазғанбыз.

БАҚ өкілдері халық арасында қазір коронавирусқа қарсы тегін вакцина салдырмаса, кейінірек екпені ақылы түрде салдыруға тура келетіні туралы қауесет тарап жатқанын айтты.

"Бұл жалған ақпарат. Вакцинация тегін, ерікті түрде жасалады", – дейді денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният.

Одан бөлек, Қазақстанда 19 маусымдағы мәлімет бойынша, коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 2 719 987 адам салдырғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918623-covid-19-elimizdegi-qalalardyn-biri-sary-aimaqqa-otti/