RU

Қазақстан өлім жазасынан бас тарта ма

Сот балғасы
Көрнекі фото: piqsels.com

Қазақстан Конституциялық кеңесінің басшысы парламент палаталарының бірлескен отырысында өлім жазасын қолдануды реттейтін түзетулерге қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қайрат Мәми Қазақстанның басты мақсаттарының бірі адам құқықтарын жан-жақты қорғау екенін атап өтті.

Сонымен бірге, ол өткен жылы Конституциялық кеңес президенттің өтініші бойынша Конституцияның өлім жазасын қолдануды реттейтін ережелеріне ресми түсінік бергенін еске салды.

Содан кейін, оның айтуынша, кеңес Конституцияға және жалпы қабылданған халықаралық актілерге сәйкес өмір сүру құқығы демократиялық қоғамның басты құндылығы екенін атап өтті.

"Қылмыстық заңда өлім жазасын белгілеу немесе одан бас тарту, ондай қылмыстар шеңберін тарылту туралы негізгі мәселе парламенттің қарауында қалады. Осы заңды ұстанымдарды ескере отырып, өлім жазасын жоюға бағытталған тиісті заңдарды "Азаматтық және саяси құқықтар туралы" халықаралық пактінің екінші факультативті хаттамасы осы баптың ережелерімен үйлестіру бойынша жұмыс аяқталуы керек", – деп толықтырды Конституциялық кеңестің басшысы депутаттар алдында сөйлеген сөзінде.

Сонымен қатар, құқық қорғау жүйесін жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде ол конституциялық кепілдікті, қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтарын нығайту желісін жалғастыру қажет деді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918647-qazaqstan-olim-zazasynan-bas-tarta-ma/