RU

Белгілі спортшыны елордадағы қонақ үйдің бірінде пышақтап кетті

пышақ
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Нұр-Сұлтанға жарысқа қатысу үшін келген спортшылар елордадағы қонақ үйдің бірінде жаға жыртысты деп хабарлайды zakon.kz.

Қорғалжын тас жолындағы қонақ үйде белгісіз біреу ер адамды пышақтап, ізін суытқан. Оқиға орнына полиция қызметкерлері тез арада жетті.

Тексеру барысында 15 маусым күні Ақтөбеден бір топ жастың елордаға қазақша күрестен республикалық жарысқа келгені анықталды.

"Жарыс аяқталғаннан кейін 20 маусымда олар қонақ ұйдегі бөлмелеріне келген. 21 жастағы екі жігіттің арасында түсінбеушілік пайда болып, арты төбелеске ұласқан. Соның салдарынан жігіттердің бірі екіншісіне кеуде аймағынан пышақ жарақатын салған. Зардап шегуші ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

21 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, тергеу барысында аталған жарысты ұйымдастырушыларға баға беріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918670-belgili-sportsyny-elordadagy-qonaq-uidin-birinde-pysaqtap-ketti/