Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Джиу-джитсудан әлем чемпионы атанған шымкенттік полицей туралы не білеміз

Опубликовано:

Ғалымжан Қатбаев
Фото: polisia.kz

Шымкенттік полицейлер джиу-джитсудан әлем чемпионы атанған әріптесі туралы айтып берді деп хабарлайды Polisia.kz.

32 жастағы полиция майоры Ғалымжан Қатбаев Шымкент қалалық полиция департаментінде 14 жылдан бері қызмет етіп жүр.

Оның бағындырған белестері мен жеткен жетістіктері жетерлік.

Айта кетейік, өткен жылы Киев қаласында жауынгерлік джиу-джитсу әлем чемпионаты өткен болатын. Жарысқа дүниежүзінің 25 елінен 200-ге жуық спортшы қатысып, Қазақстаннан барған спортшылар арасында Ғалымжан 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бірінші орынды иеленді.

Сонымен қатар 2021 жылдың 25-28-ақпан күндері аралығында Алматы қаласында жауынгерлік джиу-джитсудан Қазақстан чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 250-ге жуық спортшы қатысты.

Аталған сайыста Ғалымжан 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, финалда алматылық спортшыдан ұтылып, екінші орынды місе тұтты.

32 жастағы Ғалымжан Қатбаев халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Ол 15 жыл бойы жауынгерлік джиу-джитсумен айналысып, салауатты өмір салтын ұстанып келеді.

Полиция майорының марапаттары:

  • “Жауынгерлік джиу-джитсу халықаралық дәрежедегі спорт шебері”,
  • “Азия чемпионы”,
  • “Әлем чемпионы”,
  • “Қоян қолтық ұрысынан спорт шебері”,
  • “Қазақстан чемпионы және жүлдегері”,
  • “Джиу-джитсу күресінен спорт шебері”.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918681-dziu-dzitsudan-alem-cempiony-atangan-symkenttik-policei-turaly-bilesiz-be/

pixel