Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстауда үш күнде 50-ге жуық жезөкше ұсталды (видео)

Опубликовано:

Жезөкше
Видеодан кадр: facebook.com/YerlanAltau

Маңғыстау облысының полиция департаменті республика аумағында 16-18 маусым аралығында жүргізілген "Стоп-трафик" жедел-алдын алу шарасының нәтижесін жариялады деп хабарлайды Lada.kz.

Іс-шара барысында полицейлер үш күн ішінде көші-қонды заңсыз ұйымдастырудың екі фактісін анықтаған (ҚК 394-бабы, 1-бөлігі).

Сондай-ақ, Қылмыстық кодекстің 309-бабы, 2-бөлігі бойынша (Жезөкшелік пен жеңгетайлыққа арналған притондарды ұйымдастыру немесе ұстау) үш қылмыстық іс қозғалған.

Бас бостандығынан заңсыз айыру (ҚК 126-бабы, 3-бөлігі) бойынша бір адам жауапқа тартылған.

Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің 449-бабы бойынша (Қоғамдық орындарда тиісу) 25 факті анықталған.

Одан бөлек, Қазақстанда жеке басын растайтын тіркеусіз немесе құжатсыз тұру бойынша (ӘҚБК 492-бабы) 10 дерек белгілі болған.

Сонымен бірге, жезөкшелікпен немесе жеңгетайлықпен айналысу үшін ғимарат берген үш адам ұсталған (ӘҚБК 450-бабы). Полицейлер 48 жеңіл жүрісті қызды анықтап, есепке қойған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысының полицейлері де "Стоп-трафик" жедел-алдын алу іс шарасы барысында жезөкшелікпен айналысқан 5 азаматша мен жеңгетайлықтың 3 жайтын анықтаған болатын. Интим-қызмет көрсеткендер қатарында Өзбекстан азаматшалары да бар.

Бұдан бөлек, Жаңаөзен қаласының тәртіп сақшылары 9 жезөкшені ұстағанын жазған едік.

Олар Шымкент пен Тараз қаласынан келген 18 бен 39 жас аралығындағы қыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918683-mangystauda-us-kunde-50-ge-zuyq-zezokse-ustaldy-video/

pixel