Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада тіс дәрігеріне барғаннан кейін 1,5 жыл комада жатқан бүлдіршін көз жұмды

Опубликовано:

Аурухана2
Көрнекі фото: pixabay.com

Нұр-Сұлтандағы "Доктор Бро" тіс емханасына барғаннан кейін бір жарым жыл бойы комада жатқан Алиса Зеленаяның көз жұмғаны белгілі болды. Ақпаратты елорданың денсаулық сақтау басқармасы растады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қызының өлімі туралы Алисаның анасы Instagram парақшасында хабарлады.

"Бүгін 13:50-де Алиса періште болды", - деп жазды келіншек.

Сондай-ақ, ол өзіне мыңдаған адамның хат келгенін айтты.

"Мыңдаған хабарлама келді. Мен бәріне жауап бере алмаймын. Кешіріңіздер. Бәрі көмектесіп, қолдау көрсеткен соң бірден осында жазып отырмын. Бізбен бірге болғандарыңыз үшін рақмет. Кімде-кім көмектескісі келсе, барлық мәлімет парақшамда тұр.

1,5 жыл ішінде өте көп қиындық болды. Қымбаттыларым, рақмет. Маған өте ауыр. Біз сот-медициналық сараптамасын жасағанын күтіп отырмыз. Бәрі аяқталған соң міндетті түрде күресті жалғастырамын. Бәрін жақсы көремін және құшақтадым", - деп жазды Алисаның анасы.

Сонымен бірге, Нұр-Сұлтан қаласының денсаулық сақтау басқармасы баланың өлімін растады.

"Өкінішке қарай, бүгін қыз бала №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасында көз жұмды. Қыздың анасы мен туыстарына көңіл айтамыз. Дәрігерлер осы уақыт аралығында қолынан келгеннің бәрін жасады. 1,5 жыл бойы ол дәрігерлердің бақылауында болды. Бірақ, өкінішке қарай пациентті құтқару мүмкін болмады", - деп хабарлады елордалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін бүлдіршін комаға түскен тіс емханасында бірқатар заң бұзушылық анықталғаны туралы хабарлаған едік.

Сонымен бірге, дәрігерлер анестезиядан соң қалың ұйқыға кеткен бүлдіршіннің жағдайын қанша қажет болса, сонша бақылауда ұстайтынын айтқан болатын.

Ал Алисаның анасы "Доктор Бро" стоматологиясының атауын өзгертіп, жұмысын жалғастырып жатқанын жазған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1918742-elordada-tis-darigerine-bargannan-keiin-15-zyl-komada-zatqan-buldirsin-koz-zumdy/

pixel