jitsu gif

42 градусқа дейін аптап ыстық: Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын болжады

күн ыстық
Көрнекі фото: luxtopfit.com

"Қазгидромет" РМК өкілдері 22-24 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Синоптиктердің болжамынша, еліміздің батыс аудандары антициклонның ықпалында болады, сондықтан жауын-шашынсыз ыстық ауа райы күтіледі.

Бұл аймақтарда түнде ауа температурасы 15-25 градус болса, күндіз 34-42 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.

Ал республиканың қалған аумағына солтүстік циклон әсер етіп, найзағай ойнап, бұршақ жауып, жел тұруы ықтимал. Ал солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр күтіледі.

Солтүстікте, шығыста және орталықта ауа температурасы түнде 5-13 градус, күндіз 12-23 градус жылы болмақ.

Ал еліміздің оңтүстік жартысында түнде 12-22 градус, күндіз 24-35 градус жылы ауа райы күтіледі.

Сонымен бірге, синоптиктер бірнеше өңірде дауылдық ескерту жариялады.

Атап айтқанда, 22 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғуы ықтимал.

Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғуы мүмкін. Кей жерлерде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шымкенте де таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан жел соғуы ықтимал.

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі.

Ақтөбе облысында ауа температурасы 36 градусқа дейін көтеріліп, өрт қауіпі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде 39 градусқа дейін қатты ыстық болуы мүмкін. Кей жерлерде өрт қауіпі сақталады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 18 м/с дейін жетуі мүмкін. Күндіз кей жерлерде 42 градусқа дейін қатты ыстық сақталады.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі.

Алматы облысының таулы аудандарда жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай, бұршақ болуы мүмкін.

42 градусқа дейін аптап ыстық: Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын болжады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.