Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысынан сармат жауынгерлерінің сүйегі табылды

Опубликовано:

Сармат
Фото: "Ақ Жайық" басылымы

Атырау облысы Қызылқоға ауданынан сармат жауынгерлерінің сүйегі табылды деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымы.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің археологиялық экспедедициясы арнайы рұқсат пен лецензиясын алғаннан кейін темір дәуіріндегі қорғандарды зерттеу жұмысын бастаған еді. Ол екі кезеңнен тұрған болатын. Бірінші кезеңде-ақ Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылдық округіне қарасты "Қарақұдық" учаскесінде қорғандары қазу жұмысында жетістікке жетіп отыр.

"Қорғандарды қазу жұмысы кезінде бір қорғаннан үш бірдей адамның сүйегі табылып, олармен бірге қару-жарақтары: найза, белдікте пышақ, бір қорап жебе, қайрақ шықты. Қорған тоналмаған, сол жерленген күйлерінде сақталған. Бір қорғаннан үш бірдей сармат жауынгерлерінің табылуы археологияда өте сирек кездесетін жағдай. Ұрыста қаза тауып, бәрі бір жерленді ме. Үш бірдей сармат жауынгерлерінің бірі әйел адам да болуы мүмкін. Бұл болжам ғана.

Ол жауынгерлердің сүйегіне антропологиялық зерттеу қорытындысына зерттеу жүргізілгеннен кейін белгілі болады",- дейді университет жанындағы Каспий өңірінің тарихы, археологиясы және этнологиясы ғылыми зерттеу институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы Сайфолла Сапанов

Экспедиция қазба жұмыстарының екінші кезеңін де бастап кетті. Ол Мұқыр ауылынан 18  шақырым жерде өтіп жатыр. Бұл жұмысқа Б. Городовиков атындағы Қалмақ мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Петр Кольцов онлайн түрінде қатысады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918758-atyrau-oblysynan-sarmat-zauyngerlerinin-suiegi-tabyldy/

pixel