Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырды

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстандағы коронавирус бойынша 21 маусым 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдайға қатысты ресми мәліметтерді coronavirus2020.kz сайты назарға ұсынды.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, елімізде өткен тәулікте 943 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталып, ауырғаны белгілі болды.

Аймақтар бойынша дертті жұқтырғандардың саны келесідегідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 323,

Алматы қаласы - 110,

Шымкент қаласы - 17,

Ақмола облысы - 33,

Ақтөбе облысы - 7,

Алматы облысы - 27,

Атырау облысы - 26,

Шығыс Қазақстан облысы - 64,

Жамбыл облысы - 22,

Батыс Қазақстан облысы - 13,

Қарағанды облысы - 153,

Қостанай облысы - 31,

Қызылорда облысы - 30,

Маңғыстау облысы - 12,

Павлодар облысы - 43,

Солтүстік Қазақстан облысы - 15,

Түркістан облысы - 17.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 410523 адамды құрап отыр.

Еске салсақ, бұған дейін денсаулық сақтау вице-министрі коронавирусқа қарсы вакцина ақылы болуы мүмкін деген мәліметке түсініктеме бергенін жазған едік.

БАҚ өкілдері халық арасында қазір коронавирусқа қарсы тегін вакцина салдырмаса, кейінірек екпені ақылы түрде салдыруға тура келетіні туралы қауесет тарап жатқанын айтты.

"Бұл жалған ақпарат. Вакцинация тегін, ерікті түрде жасалады", – дейді денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният.

Одан бөлек, Қазақстанда 19 маусымдағы мәлімет бойынша, коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 2 719 987 адам салдырғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918782-elde-koronavirus-zuqtyrgandardyn-sany-zariya-boldy/

pixel