Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жүрек айну, буынның ауыруы, есту қабілетін жоғалту: Цой "үнді" штамының қаупін айтты

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Үкіметтің онлайн-отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустың "үнді" штамы туралы айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Дельта" штамы анықталған штамдардан 60 пайызға жұқпалырақ. Инкубациялық кезеңі 7 күн. Зерттеулер нәтижесі "үнді" штамын жұқтырғандардың арасында басым көпшілігі аурухана түсетінінін және қайтыс болғандардың көп екенін көрсетті.
Оның жаңа клиникалық симптомдары - буын мен іштің ауыруы, ішек қызметінің өзгеруі (жүрек айну, құсу) және есту қабілетін жоғалту", - дейді министр Алексей Цой.

Еске сала кетсек, кеше, 21 маусымда денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда "үнді" штамына тән болуы мүмкін мутация анықталғанын мәлім еткен еді.

"Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық деңгейінің күрт өсуіне байланысты денсаулық сақтау министрлігі КВИ жұқтырған науқастардан алынған оң зертханалық үлгілердің ПТР скринингін өткізді. Скрининг қорытындысына сәйкес, "Дельта" ("үнді" штамы) штамына тән болуы мүмкін мутация анықталды", – дейді денсаулық сақтау министрлігі.

Сонымен бірге, бүгін премьер-министр Асқар Мамин коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізіп, елордада санитарлық талаптарды күшейтуді тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918820-zurek-ainu-buyn-auru-zane-estu-qabiletin-zogaltu-coi-undi-stamynyn-qaupin-aitty/

pixel