Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елорданың екі тұрғыны 14 млн теңгеге дизель отынын заңсыз сатқан

Опубликовано:

Май құйып жатыр
Көрнекі фото: indiamart.com

Нұр-Сұлтан қаласының экономикалық тергеу департаменті елорда аумағында дизель отынын заңсыз сату факктісі бойынша қылмыстық істі аяқтады деп хабарлайды ҚР қаржылық мониторинг агенттігі.

Осылайша, ЭТД қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын өткізу барысында екі елорда тұрғынының 14 млн. астам теңгеге 70 тоннадан астам дизель отынын заңсыз тасымалдап, сату дерегінің жолын кесті. Сату олардың шығу заңдылығын растайтын құжаттарсыз іске асырылды.

Қылмысты ұйымдастырушылар шартты түрде 3 жылға сотталды.

Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды ЖЖМ сатудың күмәнді орындарынан алудан бас тартуға шақырады. Заңсыз АЖҚС, соның ішінде заңсыз сатылған дизель отыны жоғары өрт қаупі бар объектілер болып табылады және адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіп төндіреді.

Жанар-жағармай материалдарын заңсыз сату фактілерін анықтау жағдайында мына сенім телефоны +7 (7172) 70-84-78 немесе агенттіктің әлеуметтік желідегі ресми аккаунттары арқылы хабарласуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918840-elordanyn-eki-turgyny-14-mln-tengege-dizel-otynyn-zansyz-satqan/

pixel