RU

Бес бірдей туысын пышақтап тастаған ер азамат көптің зәресін алды

Жапония1
Көрнекі фото: pixabay.com

Жапонияда пышақпен қаруланған ер азамат бес адамды жарақаттады. Шетел басылымдары таратқан ақпаратқа сәйкес, олардың өміріне ешқандай қауіп жоқ деп хабарлайды Nishinippon.

Жапонияның Фукуока қаласында орналасқан Хаката ауданында ер адам туыстарына пышақпен шабуыл жасады.

Оқиға муниципалды тұрғын үй массиві ғимараттарының бірінде 22 маусым күні таңертең орын алған.

Көп ұзамай шабуыл жасаған адамды құқық қорғау органдарының қызметкерлері ұстады.

Шетел басылымының мәліметінше, оқиға орнына тәртіп сақшылары мен жедел жәрдем келген уақытта үйден бес ер адам мен әйелді тапқан. Олардың арасында жасөспірімдер мен 60 жасқа дейінгі егде жастағы адамдар болды. Төртеуі жеңіл жарақат алған, біреуі басы мен білегі кесіліп ауруханаға түсті.

Дәрігерлер олардың өміріне ештеңе қауіп төніп тұрмағанын хабардар етті.

Аталған оқиғаның "қатысушылары" бір кешенде өмір сүрген.

Еске сала кетсек, Нұр-Сұлтанға жарысқа қатысу үшін келген спортшылар елордадағы қонақ үйдің бірінде жаға жыртысты. Соның салдарынан бір палуан пышақ жарақатымен ауруханаға түсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918842-bes-birdei-tuysyn-pysaqtap-tastagan-er-azamat-koptin-zaresin-aldy/