Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы барлық автобус парктерін жекенің қолына өткізу жоспарлануда

Опубликовано:

Автобус
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Елімізде мемлекеттік автобус парктерін толық жекешелендіру көзделген. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен үкімет отырысында айтты деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты.

Серік Жұманғарин үкімет отырысында бәсекелестікті дамытудың жаңа тәсілдері туралы баяндады.

Түрлі салаларға жеке-жеке тоқталып өткен агенттік төрағасы көлік нарығындағы бәсекелестікті дамыту мәселесіне де ерекше назар аударды.

Оның айтуынша, жүк темір жол тасымалдары нарығында бәсекелестікті дамыту маңызды болып табылады. Жұманғарин осы мәселе бойынша 40-тан астам лицензия берілгенін және бүгінде үш тасымалдаушы барын, олардың екеуі пилоттық режимде жұмыс істейтін жеке меншік тасымалдаушы екенін алға тартты.

"Басты міндет – осы қызметті кеңейту. Яғни, 2025 жылға қарай кемінде 10 тасымалдаушыға дейін жеткізу көзделген. Сондай-ақ, үлкен жабық нарық – бұл әуежай қызметі нарығы. Терминалдық қызмет көрсетуге кем дегенде екі оператор, оның біреуі тәуелсіз болу үшін перрондық қызмет көрсетуге еркін қол жеткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, жолаушылар ағыны көп әуежай нарықтарында 2 млн адам жер үсті қызмет көрсетудің кем дегенде үш түріне қол жеткізе алады", - дейді агенттік төрағасы.

Одан бөлек, Жұманғарин автобус парктерін жекешелендіру жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

"Жолаушылар тасымалы нарығында Қазақстанда мемлекеттік автобус парктерінің белгілі бір саны бар. Оларды толығымен жекешелендіру жоспарда бар", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918863-qazaqstandagy-barlyq-avtobus-parkterin-zekenin-qolyna-otkizu-zosparlanuda/

pixel